Прокурор активтерді қайтарды

Қазығұрт ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері іске қосылды.

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Атажұрт ауылында орталықтандырылған жаңа ауызсу жүйесі іске қосылды.

Нысанның құрылысы мемлекетке прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан аудан прокуроры Р.Абдраимов, әкімі А.Исмаилов және ауыл тұрғындары мен қоғам өкілдері қатысты.

Аудан прокуроры Руслан Абдраимов ауыл тұрғындарын жаңа су құбыры желісінің аяқталуымен құттықтап, бұл тек бір нысанның іске қосылуы ғана емес, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Орталықтандырылған су жүйесінің іске қосылуы Атажұрт ауылындағы 1000-нан астам тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп, жайлы өмір сүру жағдайларын жасайды және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

П.Сары.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

“Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге жуық жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, өңір көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шара аясында Түркістан қалалық Полиция…

Бірлескен мәжіліс өтті

Жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен «AMANAT» партиясының Түркістан…

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…
Толығырақ

Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің…