Сайрам ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында аудан көлемінде ауқымды марафон ұйымдастырды
Іс-шараға жергілікті атқарушы орган басшылары мен қызметкерлері, пробация есебіндегілер, сондай-ақ 10 жастағы баладан 70 жастағы зейнеткерлерге дейінгі түрлі жастағы ауданның 200-ге жуық тұрғыны қатысып, есірткісіз салауатты өмір салтын қолдауды кеңінен насихаттады.
Бұл бастама жастарды зиянды әдеттерден сақтауға бағытталған маңызды қадам. Үздік нәтиже көрсеткен 10 қатысушыға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Біздің ортақ мақсатымыз — есірткісіз, салауатты және қауіпсіз қоғам құру.
Заң мен Тәртіп — қоғамның мызғымас тұғыры.
И.Асыл.