Мемлекеттік қызметке орналасу тесті енді 9 емес, 4 заң бойынша алынады

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін іріктеу конкурсына қатысатын үміткер сынақтың 4 кезеңінен өтеді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер ұсынған мәліметке сай, тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылған. Сондай-ақ, іріктеу конкурсына қатысатын үміткер келесі кезеңдерден өтеді:

  1. Жеке қасиеттерін бағалау;
  2. Мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалау;
  3. Эссе жазу;
  4. Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесуден өту.

Азамат Жолманов айтуынша, үміткерлерді лауазымға жаңа жүйемен іріктеу 1 наурызда басталады.

Әлихан Асқар

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Өңірлерде жанармай жетіспейді

 Үкіметте энергетикадағы өзекті мәселелер талқыланды Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық…
Толығырақ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН ЛОГИСТИКАЛЫҚ САЛАНЫ ЖАНДАНДЫРУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Түркістан облысына ҚХР-нан келген делегациясыны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қарсы алып, өңір әлеуетімен таныстырды. Шетелдік топ өңірдегі…
Толығырақ

Түркістандық полицей арулар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындар алды

Астанада Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Перизат Жақыпбекова мен Айнұр Ақжігітова белбеу күресінен…

Люданың хаты

Жәудір Нартай. Әңгіме Жиен сіңлім екеуміз қаланың ең шулы аудандарының бірінде орналасқан ескі жатақхананың бір бөлмесін жалдап тұрып…