Құқығы қалпына келтірілді

Шардара ауданында тұрғынның еңбек ету құқығы қалпына келтірілді

Шардара ауданында ерекше жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғын мүгедек қызына күтім жасауға сенімді өкілдің болмауына байланысты заңсыз түрде басқа адамның атына жұмыс істеп келген.

Аудандық департамент басшысы бұл мәселені жеке бақылауына алып, азаматтың әлеуметтік және еңбек құқықтарын толықтай зерделеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде нотариаттық келісім арқылы мүгедек балаға қарауға ресми сенімді өкіл тағайындалды.

Осылайша, аталған тұрғынға өз аты-жөнімен ресми түрде еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндік берілді. Бұл шешім азаматтың заңды құқықтарын қорғауға, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайын тұрақтандыруға бағытталды.

Түркістан Облысының Әділет Департаменті

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Заң мен тәртіп ортақ ұғым

Төлеби ауданында оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және Тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.…
Толығырақ

Қолданыс аясы кеңейіп келеді

Еліміздің Ата Заңында мемлекеттік тіл қазақ тілі деп көрсетілген. Сонымен қатар, Азаматтық процестік кодексінде, Қылмыстық процестік кодексі мен…