«Үлгілі жүргізушілер» марапатталды

«Полицейлер ұзақ жылдар бойы жол жүрісі қағидаларын бұзбай жүрген жүргізушілерді марапаттады» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізушілер арасында жол қозғалысы мәдениеті мен тәртібін арттыру, Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларын сақтау, құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Үлгілі жүргізуші» атты іс-шара ұйымдастырды.

Онда ұзақ жылдар бойы жол жүрісі қағидаларын бұзбай, өз тәртібі мен жауапкершілігі арқылы өзгеге үлгі көрсетіп жүрген жүргізушілер анықталып, арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды. Полиция қызметкерлері олардың бұл бағыттан таймай, әрі қарай да жоғары азаматтық жауапкершілік танытуына тілектестік білдірді.

Сонымен қатар іс-шара жас жүргізушілерді құқық бұзушылықтарға жол бермеуге ынталандыруға да бағытталды. Оларға алғыс айтылып, жол қозғалысы ережелерін міндетті түрде сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, заң бұзушылықтардың жауапкершілікке әкелетіні ескертілді.

О. Орын.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, интернет алаяқтықтың, нашақорлықтың, жолда жүру ережелерін бұзудың, сондай-ақ буллинг…
Толығырақ

Алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты

“Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз” — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға…