СОТ: Жол жүру белгілерін өзгерту туралы талап қоюды – қанағаттандырусыз қалдырды

Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 18 маусымдағы МАӘС шешіміне талапкер Д.-тің келтірген апелляциялық шағымын қарады.

Талапкер өзінің арызында — республикалық маңызы бар «Алматы–Ташкент–Термез» бағытындағы автожол бойына орнатылған 5.22 және 5.23 елді мекеннің басталуы мен аяқталуын білдіретін жол жол жүру белгілерін өзгертуді сұраған, себебі аталған автожол елді мекеннен алыс жерде, яғни туннель арқылы өтетінін алға тартқан.

Бірінші сатыдағы сот шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

Іс бойынша жауапкерлер – Түркістан облысының полиция департаментінің, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының және Автомобиль жолдары комитетінің өкілдері – талапкердің талабын және апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырудысұрады. Олардың айтуынша, даулы жол жүрубелгілері мемлекеттік сараптамадан өткен және уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес заңды түрде орнатылған.

Сонымен қатар, бұл белгілер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қойылған.

Апелляциялық сот алқасы іс материалдарын зерттеп, тараптардың уәждерін тыңдап, сонымен көшпелі сот отырысын өткізе отырып, бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін анықтады. Сондай-ақ, талапкердің және өзге де көлік жүргізушілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу фактісін анықтамады. Даулы жол белгілері елді мекеннің шекарасына параллель орналасқан және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған деп тапты.

Шешім заңды күшіне енді.

Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты

“Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз” — алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты Полиция азаматтарды жаңа алаяқтық тәсілінен сақ болуға…
Толығырақ

Полиция қылмысты азайтты

«Полиция қызметінің нәтижесі-қылмыстар 25%-ға азайды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті…
Толығырақ

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында профилактикалық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Арыс ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық прокуратура жанынан құрылған жұмысшы топтың қатысуымен жасөспірімдер арасындағы…