ТАЗАЛЫҚТЫ БҰЗҒАНДАР АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Қала тазалығы – халық айнасы. Таң сәріден бастап көшелер мен жол бойында қоқыс терген тазалыққа жауапты жұмысшылар Арыс тұрғындарының жауапкершілігінен үмітті. Өкінішке қарай, тазалыққа салғырт қарайтын жандардың қарасы азаймай тұр. Ашығын айтқанда қала жұртшылығын тазалыққа үйрету оңай болмай отыр.
Ащы да болса шындық, таңертең үйінен шыға бере қоқыс тастаудан бастап, көше мәдениетін сақтауды білмейтін кейбір азаматтар кез-келген жерде қоқыс тастап кетуге тіпті де еті үйренген.
Күні кеше, қызметкерлер Арыс-Шардара айналма жол бойын қоқыстан тазартты. Соны көре тұра қала тұрғыны өзінің «Газ-53» көлігімен қоқыс төгіп жатты. Әрине, оған хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
        Өткен аптадан бері қалалық қала әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев бастаған Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары жергілікті учаскелік полиция өкілдерімен бірлесіп тұрғындар тарапынан белгіленбеген орындар мен көше бойына заңсыз қоқыс тастау жағдайлары бойынша рейдтік шара өткізіп, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
     Жалпы жыл басынан бері, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 78 жеке және заңды тұлғаға ӘҚБтК 434-2 бабына сәйкес, сондай-ақ қала мен елді мекендердің абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 5 айыппұл хаттамасы, 12 ескерту хаттамасы толтырылды.
     Сонымен қатар, бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты жалғасын табатын болады және белгіленбеген орындарға қоқыс қалдықтарын тастайтын тұрғындарға Заң аясында тиісті шара көрілетіндігін ескертеміз!
Барша қала тұрғындарынан қоршаған ортаның тазалығына бей-жай қарамауларын және қоқысты көрінген жерге тастағанша тұрғын үйлерден шығатын қоқыстарды осы жұмыспен тікелей айналысатын «Қызмет-Сервис» тазалық мекемесімен келісім-шарт жасау арқылы шығаруын сұраймыз!
      Қоршаған ортаның тазалығы – баршамызға ортақ іс екендігін ұмытпайық!
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts