Зиянды әдеттен аулақ бол!

Полицияның бастамасымен нашақорлықтың алдын алу форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Шардара полициясының ұйымдастыруымен жастар мен ата-аналарға арналған маңызды профилактикалық форум өтті.

«Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбындағы шарада нашақорлықтың жеке адамға, отбасыға және қоғамға тигізетін зияны жан-жақты талқыланып, қатысушыларға алдын алу бағытындағы бейнероликтер көрсетілді» дейді баспасөз қызметі.

Форумға ақсақалдар кеңесінің төрағасы, теолог маман, дәрігер-нарколог пен белсенді жастар қатысты. Спикерлер есірткіге қарсы күрестің өзектілігін атап өтіп, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Жастар атынан сөз алған «iBilim» мектебінің оқушысы Айша Алдеш:

«Жаман әдеттерден аулақ болайық, есірткіге жол бермейік!» – деп әсерлі үндеу жолдады.

Шара соңында жастарға салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты қорғаудың маңызын түсіндіру, сондай-ақ қоғамның ортақ жауапкершілігі туралы кеңестер берілді.

Г. Мамыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Құқықбұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Жуырда Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік құқықбұзушылықтарды алдын алу, істерді талапқа сәйкес…
Толығырақ

Конкурс жариялау туралы хабарландыру

ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойыншадепартаментінде «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік қызметшілер…