Шетелдік студенттерге арналған құқықтық кеңес жиыны өтті

Түркістандағы оқу орнында бауырлас түркі елдерінен келген студенттерге құқықтық кеңес беру мақсатында арнайы ақпараттық жиын өткізілді. Іс-шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері қатысып, шетелдік жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды мәліметтерді ұсынды.

Жиын барысында шетелдік студенттердің құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасындағы көші-қон заңнамасының талаптары, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары, жеке құжаттарды рәсімдеу тәртібі, қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері кеңінен баяндалды.

Студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды. Іс-шара халықаралық студенттердің әлеуметтік бейімделуін қолдау, құқықтық мәдениетін арттыру және қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Жиынның модераторы — Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Фуркат Дадажанов. Іс-шараға спикер ретінде Түркістан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ақан Сапарбеков, Көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы Гүлзейнеп Қаражігітова, университеттің Қаржы және халықаралық байланыстар жөніндегі вице-ректоры Мустафа Гиритлиоглу және Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі вице-ректоры Еділ Төлегенов қатысты» деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

А. Бабыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

БРИФИНГ: ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облыстық Полиция департаментінде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық науқанның басталуына арналған брифинг өтті. Іс-шарада Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының «Отбасылық-тұрмыстық…
Толығырақ

Созақтағы жылдық есеп жиыны

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Созақ аудандық полиция бөлімінде 2025 жылдың 12 айлық қызмет қорытындысына арналған жиналыс өткенін…
Толығырақ

Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің…