Полицейлер 300-ге жуық жасөспірімге қауіпсіздік сабағын өткізді

Түркістан облысындағы “Тау самалы” демалыс лагерінде полиция қызметкерлері 17 ауданнан келген 300-ге жуық жасөспірімге қауіпсіздік және құқықтық мәдениет тақырыбында сабақ өтті.

Кәмелетке толмағандармен жұмыс инспекторлары балаларға заң алдындағы жауапкершілік, интернет қауіпсіздігі, нашақорлық пен буллингтің зардаптары, сондай-ақ жол және тұрмыстық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері арнайы техника мен қорғаныс құралдарының көрмесін ұйымдастырып, балаларға қызметтік көліктер мен жабдықтардың қолданылуын көрсетті.

Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысына қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, естелікке суретке түсті. Мұндай кездесулер балалардың құқықтық сауатын арттырып, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Арыс қаласында балабақша тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда»…
Толығырақ

«Үлгілі жүргізушілер» марапатталды

«Полицейлер ұзақ жылдар бойы жол жүрісі қағидаларын бұзбай жүрген жүргізушілерді марапаттады» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.…