Полиция ардагері жас сақшылармен бірге тағылымды шара өткізді

Төлеби ауданында полиция ардагері Жарылхан Бегімбетов Айкөзұлы “Жас сақшы” сыныбының оқушыларымен бірге аудан орталығындағы батырлар ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті.
Кездесу барысында ардагер жасөспірімдерге Отан алдындағы борыш пен адал қызмет етудің мәнін түсіндіріп, өз өмір жолынан тағылымды әңгімелер айтты. Сондай-ақ қатысушылар аудандық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасап, өңір тарихымен танысты.
Жарылхан Айкөзұлы ішкі істер органдарында ұзақ жылдар қызмет етіп, 1997 жылы зейнеткерлікке шыққан. Ол айдауылдау полицейі қызметін абыроймен атқарып, жас ұрпаққа үлгі боларлық еңбек жолымен ерекшеленді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында профилактикалық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Арыс ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық прокуратура жанынан құрылған жұмысшы топтың қатысуымен жасөспірімдер арасындағы…