УРАН ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫН БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы, Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Астана қаласына арнайы іс-сапармен барды. Сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниясының басқарма төрағасы Ержан Мұқановпен кездесіп, мемлекет ұстанған саясатын бірлесіп жүзеге асыруға шақырды. Сондай-ақ, аталған кәсіпорынның ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру мен халықтың әл- ауқатын көтеру мақсатында атқарған жұмыстарына алғысын жеткізді. Кездесу барысында, келер жылы іске асатын мәселелерді талқылады. Аудан басшысы іске асатын бірқатар жобаларды ұсынды.

    Сонымен қатар, сапар барысында “КАТКО” БК ЖШС бас директоры Николя Бастьенмен жүздесіп, кәсіпорынның ширек ғасырда аймақтың дамуы үшін атқарған жұмыстарына айрықша тоқталып өтті.

«Катко» қазақ-француз бірлескен кәсіпорны Созақ ауданына құмды алқапқа табан тіреп, Мойынқұм және Төртқұдық кен орындарын іске қосып, өз жұмысын бастағанына ширек ғасыр болды. Осы жылдар аралығында аудандағы ірі әлеуметтік жобаларға демеушілік көрсетіп, қомақты қаржы бөліп, тұрмысы төмен отбасыларды тұрақты түрде қолдап келеді деді,-Мұхит Сексенбайұлы.

Сондай-ақ, өндірістің демеушілігімен алдағы уақыттарда ауданымызда атқарылатын жұмыстарды жан-жақты саралады.

Кездесу соңында аталған кәсіпорын басшыларына көрсетіп келген қолдаулары үшін Созақ ауданы халқының атынан алғысын жеткізді. Алдағы уақытта да ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын жеделдетіп, тұрғындардың тұрмыс жағдайын түзеу мақсатында бірлесе жұмыс жасауға сенім білдірді.

Баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts