Шетелдік азаматтарға тіркеу тәртібін сақтаудың маңыздылығын ескертті

«Түркістанда көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша рейд өтті. Түркістан қаласында көші-қон заңнамасының орындалуын бақылау мақсатында полиция қызметкерлері кешенді рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Шараға көші-қон қызметі, учаскелік инспекторлар және патрульдік полиция жасақтары жұмылдырылды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Рейд барысында құрылыс алаңдары, өндіріс нысандары, жалдамалы пәтерлер, қонақүйлер және халық көп жиналатын аймақтар тексерілді. Нәтижесінде Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 18 шетелдік азамат анықталды.

Олардың бір бөлігі тіркеусіз жүргені, ал кейбірі визалық режим талаптарын бұзғаны белгілі болды. Барлығына қатысты әкімшілік шара көрілді

Сонымен қатар заңсыз еңбек күшін пайдаланған жұмыс берушілер мен шетелдіктерді қабылдаушы тұлғалардың әрекеттеріне де құқықтық баға беріліп, олар жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзу деректерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шетелдік азаматтарға тіркеу тәртібін сақтаудың маңыздылығын ескертті.

Түркістан қаласының құқық қорғау органдары көші-қон саласындағы бақылауды күшейту жұмысын жалғастырып, заңсыз келушілерді анықтау мен алдын алу шараларын жүйелі түрде жүзеге асыратын болады.

А.Асыл.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан қаласында абаттандыру қағидасын бұзған 582 азаматқа шара көрілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері…
Толығырақ

Полиция ақпарат берді

«Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы Нұрым Әметов Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне…

Сахналық қойылым көрсетілді

«Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде, жасөспірімдермен орын алатын қылмыстар және құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында…