«Зорлық-зомбылықсыз болашақ — әркімнің құқығы!»

«Арыс қаласы «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық бастамасын қолдады. Бастама «Зорлық-зомбылықсыз болашақ — әркімнің құқығы!» ұранымен өтуде. Осыған сәйкес Арыс қаласында түрлі форматтағы ақпараттық-түсіндіру кездесулері, тұрғындармен ашық диалогтар, қоғамдық ұйымдармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылуда» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерге көрсетілетін көмек түрлері және құқықтық сауаттылықтың маңызы жөнінде кеңінен мәлімет беруде.

Акцияның маңызды элементтерінің бірі — әлеуметтік желілерде қолға алынған арнайы флешмоб. Оған қала тұрғындары мен жастар белсенді қатысып, зорлық-зомбылыққа қарсы ортақ ұстанымды көрсетуге атсалысуда.

Бұл флешмобтың мақсаты — қоғамды мәселеге бейжай қарамауға, зорлық-зомбылық туралы ашық айтуға және үнсіздік мәдениетін еңсеруге шақыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір азаматтың қауіпсіз ортада өмір сүруі – басты құндылық.

Сондықтан аталған акцияға қатысу — зорлық-зомбылықсыз, әділ және сыйластыққа негізделген қоғам құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Н.Абай.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жүз полицей тест тапсырды

«Түркістан облысының 100 полицейі «Қазтест» жүйесі бойынша тест тапсырды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің…
Толығырақ

Әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шардарада 225 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Шардара аудандық полиция бөлімінің…