Қарызын өтемегендер анықталды

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша полицейлер «Борышкер» іс-шарасы барысында қарызын өтемеген 40 тұрғынды анықтаған.

«Түркістан қалалық Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімі қызметкерлері қала аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде» деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Іс шараның мақсаты — қолданыстағы заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын бақылау, құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және әкімшілік айыппұлдарды өндіру көрсеткішін арттыру. Осы бағытта полицейлер күн сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Рейдтік іс-шара барысында полицейлер айыппұлдарын уақытында төлемеген 40 азаматты анықтады. Тексеру кезінде әрбір азаматқа әкімшілік айыппұлды белгіленген мерзімде төлеудің тәртібі мен талаптары түсіндіріліп, міндеттемені орындамаған жағдайда қолданылатын заңды шаралар туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

Нәтижесінде екі тәулік ішінде тәртіп сақшылары әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін іздеуде болған және айыппұлдарынан жалтарған азаматтардың 40 автокөлігін айыптұраққа қойды.

Бұл көрсеткіш жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстың тиімділігін және рейдтік іс-шараның нәтижелілігін айғақтайды. Полиция басқармасы тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Р. Расул.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сотқа қалай жүгінуге болады?

Қоғамда даулы мәселелердің көбеюіне байланысты сот органдарына жүгінетін азаматтардың да саны артып келеді. Бұған дәлел ретінде сотта қаралатын…
Толығырақ

«Халық заңгері» республикалық акциясы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетінің студенттері Әділет министрлігі, Бас прокуратура және ZAKON.KZ желілік басылымы…