Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерге ата-аналарының рұқсатымен қалалық полиция ғимаратындағы уақытша ұстау изоляторы және әкімшілік қамау орындарына экскурсия ұйымдастырды.
Кәмелетке толмағандардың арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, ойланбай жасалған іс-әрекеттің салдарын түсіндіру, мақсатында ұйымдастырылған экскурсияға 8-9 сынып оқушылары қатыстырылды.
Кәмелетке толмаған балалар тергеу изоляторын аралап, полицейлерден заң шеңберінде кеңес алды. Тәртіп сақшылары әр қадамды ойланып жасау қажеттігін түсіндіріп, жасөспірімдердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
Айта кетерлік жайт, жыл басынан бері әр түрлі деңгейдегі құқық бұзушылығы үшін ішкі істер органдар есебіне 130-ға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім алынды. Оларды тәрбиелеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі