Дрон көмегімен бақылау күшейтілді: 50-ден астам құқықбұзушылық анықталды

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар күшейтілді.

Рейдке полиция полковнигі Ғалымжан Қуашбаев қатысып, жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ жол ережесін бұзған азаматтармен жеке сөйлесіп, олардың әрекеттерінің салдары мен заңдық жауапкершілігін атап өтті.

Рейд барысында жол қозғалысын бақылауға дрондар қолданылып, әуеден мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде Төлеби ауданында 50-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде жылдамдықты арттыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, маневр жасау талаптарын бұзу, жаяу жүргіншіге жол бермеу сияқты құқықбұзушылықтар басым болды. Барлық дерек бойынша заңға сәйкес шаралар қабылдануда.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтап, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Конкурс жариялау туралы хабарландыру

ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойыншадепартаментінде «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік қызметшілер…
Толығырақ

156 әкімшілік шара көрілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Кентау қаласында жол қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілгенін хабарлайды. «Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау,…