Полиция қоғамдық орындарда никаб киюге қатысты түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында қоғамдық орындарда бет-әлпетті толық жабатын киімдерді, соның ішінде никаб пен басқа да жабық тұмшалау түрлерін қолдануға қатысты заң талаптарын түсіндіруде.

Тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қоғамдық орындарда бет-әлпетті толық жабатын киімдерді киюге шектеу қойылғанын атап өтті. Бұл шектеу қоғамдық қауіпсіздік, тұлғаны анықтау мүмкіндігі және құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында енгізілген.

Сонымен қатар полицейлер діни сенім бостандығына Қазақстанда толық жағдай жасалғанын, алайда кез келген діни рәсім немесе киімнің қалыптасқан құқықтық нормаларға қайшы келмеуі тиіс екенін түсіндірді. Дін мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары мәдениет және конфессияаралық келісім аясында жүргізілетіні де айтылды.

Іс-шара нәтижесінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы артты, қоғамдық орындардағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Алқабилер әділдіктің жаршысы

Соңғы жылдары Түркістан облысында сот істерінде алқа билердің ролі орнығып, ықпалы артып келеді. Кейбір істер алқа билдердің араласуымен…

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Арыс қаласында балабақша тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда»…