Жол ережелеріндегі жаңа өзгерістер түсіндірілді

Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Қанат Ракишевтің төрағалығымен Патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен жиын өтті. Кездесуде 23 қарашадан бастап күшіне енген жол қозғалысы ережелеріндегі өзгерістер таныстырылып, олардың маңызы түсіндірілді.

Мамандар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жылдамдық режимін сақтау, маневр жасау тәртібі мен жүргізушілердің жауапкершілігіне қатысты жаңартылған талаптарды атап өтті.

Сонымен бірге патрульдік полицейлердің қызмет барысында жиі кездесетін мәселелері талқыланып, жаңа нормаларды дұрыс қолдану бойынша ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында басқарма бастығы қызметкерлерге өзгерістерді қатаң сақтап, жүргізушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Учаскелік инспекторлар 300 мыңға жуық үйді тексеріп, 46 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолын кесті

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Дәурен Кемеров брифингке қатысып, республикалық…