WhatsApp аккаунтыңызды қалай қорғауға болады?

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін келесі қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:

Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз.

Баптаулар бөліміне кіру кезінде сұралатын PIN-кодты іске қосыңыз.

Күдікті хабарламалар мен сілтемелерден сақ болыңыз. Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз. Растау кодтарын ешкімге бермеңіз.

SIM-картаға PIN-код орнатыңыз. Бұл нөміріңіздің заңсыз көшірілуінің алдын алады.

Жеке ақпаратқа қолжетімділікті шектеңіз. Баптаулардан сурет, статус және соңғы рет онлайн болған уақытыңызды кім көре алатынын тексеріңіз.

Белсенді сеанстарды үнемі бақылап отырыңыз. Аккаунтыңызға бөгде құрылғылар қосылмағанына көз жеткізіп тұрыңыз.

Алаяқтар көбіне таныстарыңыздың атынан хабарласып, қарыз сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда әрдайым тікелей хабарласып, ақпаратты нақтылап алған жөн. Бұл — өз қаражатыңызды қорғаудың ең тиімді жолы.

Түркістан Облысының Полиция Департаменті.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Ордабасы ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлері «Жас сақшылар» сыныбымен кездесті. Кәмелетке…
Толығырақ

Полицейлер мектеп оқушыларымен кездесіп, құқықтық мәдениет туралы әңгімелесті

«Түркістан қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрдәулет Қуанышұлы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізіп, олардың құқықтық сауаттылығын…