Түркістан облысында тағы бір ауыл ішімдіксіз, қауіпсіз елді мекен атанды

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Ынталы ауылы соңғы 2 жылда салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. 500-ге жуық үйі мен 3200-ден астам тұрғыны алкоголь өнімдерінен бас тартып, ауылдағы барлық 8 дүкен ішімдік сатуды тоқтатты.

Бұл мекенде ашылған екі заманауи спорт кешені жастардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасап, түрлі спорт үйірмелері тұрақты түрде жұмыс істеуде. Ал бастамаға мұрындық болған полиция қызметкерлері тұрғындармен жиі кездесулер өткізіп, зиянды әдеттердің алдын алу мен құқықбұзушылыққа жол бермеу бағытында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Әрбір кәсіп иесімен, ауыл биімен және тұрғындармен кездесіп, есеп беріп, салауатты өмір салтын ұстану мен жаман әдеттен арылу арқылы заң мен тәртіпті сақтауға үнемі кеңес береді. Нәтижесінде Ынталы — тәртібі сақталған, салауатты өмір салты орныққан, заң мен тәртіпті нығайтып, қылмыстың азаюына үлес қосқан ауыл ретінде өңірге үлгі болып отыр.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ашықтық – сенім бастауы

Соңғы уақытта сот жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтар жұртшылықтың бұл салаға деген сенімін күшейтіп келеді. Соның бір мысалы ретінде…
Толығырақ

Полицейлер түнгі рейд жүргізді

«Полицейлер кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шара өткізді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Полицейлер…