Түркістан облысында өңірдегі жолдардың қысқы кезеңге дайындығы тексерілді

Түркістан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері облыс әкімдігі және ТЖД-мен бірлесіп алдағы қысқы маусымға жол және коммуналдық техниканың дайындығына комиссиялық тексеру жүргізді.

Тексеру барысында арнайы техниканың жай-күйіне, көктайғаққа қарсы материалдардың болуы мен қорларына, жылыту пункттерінің жұмыс істеуіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қар мен көктайғақ жағдайында автокөліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша полиция мен жол қызметтері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Есімхан Қожбанов атап өткендей, қысқы кезеңге дайындық бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, апаттылықты азайтуға және жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіпсіз қозғалыс жағдайларын жасауға бағытталған.

Өз кезегінде полиция облыс тұрғындары мен қонақтарына жолдарда сақ болуды ескертеді: жылдамдық режимін қатаң сақтау, ауа-райының жағдайын ескеру, ара қашықтықты сақтау және ұзақ сапарлар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеру, соның ішінде жазғы дөңгелектерді қыс мезгіліне арналған дөңгелектерге ауыстыруды міндеттейді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

Түркістан қаласындағы жоғары көпсалалы колледжде студенттерге арналған «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дәріс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД…