Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы профилактика күшейтілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кешенді профилактикалық іс-шаралар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыстардың барлығы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Республикалық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» акциясы аясында Сарыағаш аудандық полиция басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобы аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп келеді. Тәртіп сақшылары азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын, оның құқықтық салдарын, құқық бұзушыларға қолданылатын шараларды, сондай-ақ әлеуметтік, заңгерлік және психологиялық көмек алу мүмкіндіктерін түсіндірді.

Полицейлер әр адамның қауіпсіздікке, құрметке және лайықты өмір сүру жағдайларына құқығы бар екенін атап өтті. Тәртіп сақшылары тұрғындарды немқұрайлық танытпай, кез келген зорлық-зомбылық түрлеріне қарсы белсенді әрекет етуге және қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көрсетуге шақырды. Отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мoпед мінген мас еркекті полиция тоқтатты

Келес ауданының учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатпақ болды.…
Толығырақ

Профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Отырар ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23 қаңтарда интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Интернет алаяқтық…
Толығырақ

Түлкібастық полицейлер жиын өткізді

«Түлкібас полициясы өткен жылғы қызмет нәтижелерін талқылады» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. «Түлкібас ауданы Полиция бөлімінде…