Прокуратурада салтанатты іс-шара өтті

6 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Прокуратура күніне орай Түркістан облысының прокуратурасында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, прокуратура ардагерлері және жеке құрамның қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев сөз сөйлеп, прокуратураның заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды. Сондай-ақ қызметкерлердің қоғамдағы тәртіп пен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы еңбегіне жоғары баға беріп, өңірде «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту бағытында атқарылған жұмыстар мен өткізілген форумдардың нәтижелерін атап өтті.

Кәсіби мерекеге орай бірқатар прокуратура қызметкерлері қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін марапатталды.

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталып, қатысушыларға ерекше әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Р. Сабыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Халық заңгері» республикалық акциясы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетінің студенттері Әділет министрлігі, Бас прокуратура және ZAKON.KZ желілік басылымы…

НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ФЛЕШМОБ ӨТТІ

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында флешмоб ұйымдастырды.…