Жетісай ауданында «Түнгі қауіпсіздік» рейді кезінде 15 жасөспірім анықталды

«Жетісай ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Түнгі қауіпсіздік» профилактикалық рейд өткізілді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Рейд барысында аудан аумағындағы 4 қоғамдық тамақтану орны, 6 ойын-сауық мекемесі және 1 саябақ тексерілді. Тексеру нәтижесінде 15 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік шаралар көрілді. Сонымен қатар 2 жасөспірім — түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүргені үшін, 1 жасөспірім сағат — 22:00-ден кейін ойынхана аумағында болғаны үшін, сондай-ақ 7 жасөспірім – сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінің қатысуынсыз жүргені анықталды.

Рейд кезінде тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде профилактикалық нұсқаулықтар берілді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Құқықбұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті

Жуырда Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік құқықбұзушылықтарды алдын алу, істерді талапқа сәйкес…

Бірлескен мәжіліс өтті

Жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен «AMANAT» партиясының Түркістан…