Облыс прокурорының орынбасары мекемеаралық кездесу өткізді

Облыс прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» жобасын ілгерілету мақсатында облыстық полиция департаменті, Білім басқармасының басшылары мен оған қарасты «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің қатысуында мекемеаралық кездесу өткізді.

Кездесу барысында қылмыстың алдын алу тетіктерін, мектеп оқушыларымен сапалы кездесулер өткізу және ондағы туындаған мәселелердің тиімді шешу жолдары талқыланды.

Кездесудің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік инспекторлардың рөлін арттыру, психологтарға тиісінше бағыт-бағдар беру, оқушылармен сұхбаттасу кезінде өзекті мәселелерге көңіл бөле отырып, оларды шешу болып табылады.

Мұндай кездесулер жобаның сапалы іске асуы мен уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын үйлестіру болып табылады.

П.Сабыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

АТА-АНАЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

 Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы…