Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өткен дөңгелек үстелге қатысты

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңның негізгі қағидаттарының бірі азаматтардың қауіпсіздігін, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, төтенше жағдайдың туындауы салдарынан қауіп төнген адамдардың өмірі мен денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Осы орайда, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі «Қызыл Ай» қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі адам құқықтары мен бостандықтары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстелге Швейцария «Қызыл крест» ұйымы өкілі Анн-Кэтрин Мур, осы ұйымның Орталық Азия бойынша бағдарлама үйлестіруші Бриджит Мюллер-Шмид, Орталық Азия бойынша Қырғызстандағы өкілі Нурлан Дербишалиев, Айзат Акунова, Орталық Азия және Азия-Тынықмұхит өңірлеріндегі кеңесші Татьяна Гапличник, «Қызыл Ай» қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалының және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департамент өкілдері қатысты.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілдігі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерекесі және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай облыстық дін істері басқармасының…