ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ДЕРЕКҚОРЫНА МӘЛІМЕТ ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

      Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәлімет тапсыру тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
    Кездесуге қоғамдық даму басқармасы Мемлекеттік идеология және «Рухани жаңғыру» бөлімінің басшысы Фарида Шарипова мен бөлім мамандары, аудан, қалалардағы қоғамдық бірлестіктердің төрағалары қатысты. Жиын қазіргі қоғамдық бірлестіктер арасында шешімін күткен мәселені талқылау, оны шешу жолдары мен жеделдігін анықтау және бірлесе атқаратын іс-шараларды нақтылау мақсатында ұйымдастырылды.
         «2018 жылғы 13 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынуға тиісті ұйымдардың тізбесі нақтыланған. Алдағы уақытта аудан, қалалардағы ішкі саясат бөлімі мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлесе отырып осы мәселені реттеудің тиімді тәсілі ретінде, жер-жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деді Фарида Шарипова.
      ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ҮЕҰ дерекқорына кезекті мәліметті тапсыру 2023 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.
    Сондай-ақ, кездесуде «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының төрайымы Инара Намазбаева мен «Шапағат» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбай Шалтанов Ұлттық дерекқорға мәлімет тапсыру тәртібі туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
     Бұдан бөлек, дөңгелек үстелге қатысушы «Медина» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сәуле Дәулеталина мен «Халыққа көмек» қайырымдылық қоры» ҚБ төрағасы Рахымжан Шәймерденов өз пікірлерін ортаға салып, осы бағыттағы толғандырған сұрақтарға жауаптарын алды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Он бес сөтке…

Қолымда бір бөтелке сырам бар, әлгінде ғана той дан келгем, жүз метр жердегі пәтеріме шылымымды бұрқыратып аяңдап келе…