Білім қызметкерлерінің құқықтары назарда

Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты №96 жалпы білім беретін мектептің кәсіподақ мүшелері үшін ерекше маңызы бар кездесу ұйымдастырылды. Оған «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Гульнара Тлеубердиева арнайы қатысып, ұстаздар қауымымен өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шараға мектеп директоры Абдифаяз Абдишкуров, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Равшанбек Ирисдавлатов және кәсіподақ мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Гульнара Тлеубердиева қызметкерлердің заңмен бекітілген құқықтары, әлеуметтік-еңбек мүдделерін қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кең көлемде ақпарат берді. Ол педагогтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың және қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Өз кезегінде мектеп директоры Абдифаяз Абдишкуров ұжымдағы бірлік пен кәсіподақтың қолдауына тоқталып: — Мұғалім – қоғам айнасы. Бүгінгі сапалы білімнің негізінде қажырлы еңбегімен мектеп мәртебесін көтеріп жүрген ұстаздарымыз тұр. Ұжымның әлеуметтік қорғалуы — біз үшін басты міндеттердің бірі, — деп өз алғысын білдірді.

Жиын соңында ұзақ жыл табанды еңбек етіп, білім саласының дамуына өз үлесін қосқан үш қызметкерге зейнетке шығуына орай ерекше құрмет көрсетілді. Олар алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болып, әріптестер тарапынан жылы лебіздер білдірілді. Сондай-ақ адал еңбегімен көзге түскен жұмысшы мамандық иелері де арнайы марапатталды.

Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

«Түркістанда жұмысшы мамандығында оқитын студенттер өндіріс орнында тәжірибе алмасты» деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Тәжірибе барысында 1-курс студенттері…
Толығырақ

Әскерге келетін жастар алған біліміне қарай қандай бөлімшелерге бағытталады

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылатындарға қандай талаптар қойылатынын түсіндірді. «Мерзімді әскери қызметке шақырылатындар туралы айтатын болсақ, іріктеу кезіндегі негізгі…