«Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға және еңбек адамын дәріптеуге бағытталған игі іс-шаралар бүгін Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығының ғимаратында өз жалғасын тапты.
Аталған салтанатты шараға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Айдар Бахтыбаев пен «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол мекемелері» жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов қатысты» деп хабарлайды Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы. Жиын барысында жол саласы мен инфрақұрылымды дамытуға ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп, өз кәсібіне жоғары жауапкершілікпен қараған «Оңтүстік жолдары» МКК кәсіподақ мүшелерінің еңбегі жоғары бағаланды. Атап айтқанда, Медеуов Руслан Маратович «Қазақстанның құрметті жол құрылысшысы» орденімен марапатталды. Сонымен қатар Ирисметов Мухаммеджан Атажанович пен Мадалиев Мамуржан Алымбаевич «Үздік қызметкер» медальдарына ие болды.
Марапаттау рәсімінде төрағалар сөз сөйлеп, еңбек адамының қоғам дамуындағы айрықша рөлін ерекше атап өтті. Олар кәсіподақтардың жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғаудағы маңызына тоқталып, адал әрі жауапты еңбек әрдайым жоғары бағалануы тиіс екенін жеткізді. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және қызметкерлерді әлеуметтік қолдау кәсіподақ қызметінің басты басымдықтары екені айтылды.
Өз кезегінде марапат иелері көрсетілген құрмет пен жоғары баға үшін ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта да өз кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып, саланың дамуына үлес қоса беретіндерін жеткізді.
П. Расул.