Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Түркістанда облыстық «Жас сарбаз әншісі» әскери-патриоттық ән фестивалі өтті.
Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен фестивальде облыстың барлық аудан, қаласының мектеп жанындағы «Жас сарбаздар» клубының оқушылары бақтарын сынады.
Фестивальдің алғашқы кезеңінде үміткерлер әскери-патриоттық тақырыпта ән орындады. Ал екінші кезеңде патриоттық Отан, туған жер, бейбітшілік, достыққа арналған әндерді шырқады.
Байқауда әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің магистр оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты Айжан Жолымбекова, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің персоналмен жұмыс қызметінің басшысы, майор Ерғали Алжанов қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Төлеби ауданынан келген өнерпаз Увайдулла Ағаділге бұйырды. Жүлделі I орынды Келес ауданынан Мерей Сегізбай иеленді. II орын иегерлері Жасұлан Тасболат (Жетісай аудан), Елдос Бағдәулет (Түркістан қаласы) атанды. Жүлделі III орынды кентаулық өнерпаз Рамазан Тілеужан, Бәйдібек ауданынан Эльдар Фархатұлы, Арыс қаласынан Ержігіт Беркінбек қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Related Posts
1 сәуірден бастап елімізде қандай заңнамалық өзгерістер күшіне енеді
2023 жылғы сәуірден бастап еліміздегі бірқатар заңнамалық нормалар күшіне енеді. Мәселен, 1 сәуірден «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы»…
Маңғыстауда газ стансаларында жүргізушілер әлі де кезекте тұруға мәжбүр
Аймаққа Шымкент, Атырау мен Жаңаөзендегі зауыттардан қосымша 1784 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінген. Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын…
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 6 БІЛІМ ОРДАСЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Түркістан облысында өткен жылы жалпы мемлекет есебінен құрылысы басталған 33 мектептің 20-сы пайдалануға берілсе, ал 13 мектеп биыл…
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКИЯНЫҢ ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов бастаған делегация Түркия еліне іссапар барысында TURSAB туристік ассоциациясының президенті Фируз…