Білім қызметкерлерінің құқықтары талқыланған жиын өтті

«Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Гульнара Тлеубердиева №83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға мектеп директоры Қонысбаев Нұржан, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Табиров Батырхан сондай-ақ кәсіподақ мүшелері қатысты» деп хабарлайды Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы.

Кездесу барысында Гульнара Тлеубердиева кәсіподақ мүшелерінің заңнамада көзделген құқықтары мен әлеуметтік-еңбек мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ол қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырудың, қауіпсіз еңбек ортасын қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Өз кезегінде мектеп директоры Қонысбаев Нұржан да сөз сөйлеп, кәсіподақтың мектеп ұжымындағы рөліне тоқталды. Ол ұйымының ұстаздар мен қызметкерлердің әлеуметтік қолдауында, құқықтарын қорғауда атқарып келе жатқан жұмыстарын жоғары бағалады. Сондай-ақ педагогтар мен қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын жасау — мектеп әкімшілігінің басты міндеттерінің бірі екенін жеткізді.

Жиын соңында мектептің жұмысшы мамандық иелері кәсіподақ тарапынан марапатталып, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.

О. Ракым.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts