Еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізілген

«Еңбек құқықтарының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізілді» деп хабарлайды Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы.

Түркістан қаласындағы «Әйтеке би атындағы №26 жалпы білім беретін мектепте» Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы тарапынан еңбек заңнамасының, ұжымдық шарт пен әлеуметтік әріптестік келісімдері талаптарының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізілген.

Қоғамдық бақылауды Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері Тлепберген Ермахан, Бас маман Абдураимов Бахтияр, Түркістан қаласының салалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Диана Турманова жүргізді.

«Тексеру барысында еңбек шарттарының рәсімделуі, бұйрықтардың заңдылығы, әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуі және ұжымдық шарт талаптарының орындалуы жан-жақты зерделенді. Мекеме тарапынан басшы орынбасары, есепші және іс жүргізуші қажетті құжаттармен қамтамасыз етті.

Кәсіподақ ұйымы еңбек құқықтарының қорғалуы мен әділ еңбек жағдайының қамтамасыз етілуін басты назарда ұстайды» делінген Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығының хабарламасында.

А.Асан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан – ұлтымыздың бойтұмары, түркі дүниесінің мәдени астанасы. Бұл шаһармен халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы сабақтастып жатыр. Ежелден құтты…
Толығырақ

СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Түркістан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Премъер-мининстрінің орынбасары Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында Түркістан облысында егінге қажетті…