Ерекше балалардың жеңісі – ортақ мақтаныш!

Биылғы 6 қарашада Астанада «AMANAT» партиясының қолдауымен 500-ге жуық бала қатысқан «Тең мүмкіндіктер» республикалық инклюзивті спорт фестивалі өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар арасында Ордабасы ауданының өрендері да өзінің лайықты орнын көрсетті. Аудандағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 3–4 сынып оқушылары «Жеңіл атлетика» бағыты бойынша II орын иеленіп, өңір абыройын асқақтатты.

Балалардың спорттық қабілетін қолдау, қоғамға бейімделуіне жағдай жасау, оларды дене шынықтыру мәдениетіне баулу мақсатында өткізілген фестивальдің жүлдегерлерімен және оларға тәрбие берген мектеп басшылығымен және ұстаздармен Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Ғазиз Ерімбетов кездесу өткізіп, аудан абыройын асқақ еткен балаларға сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

«Бұл жеңіс – балалардың табандылығы мен жаттықтырушылардың еңбегінің, мектеп басшылығы мен ұстаздардың жүйелі дайындығының жемісі. Өйткені жас спортшыларды тәрбиелеу жұмысы тек білім беру талап етпейді, оны жүрекпен жасалатын еңбек деп білеміз. Сол үшін ұстаздарға айтар алғысымыз көп. Спорт сүйгіш бүлдіршіндеріміз үшін бұл үлкен жетістік. Балаларымыз алдағы уақытта да жарқын жеңістерімен қуантады деген сенімдемін», — деді аудандық мәслихат депутаты.

Кездесу барысында инклюзивті спортты дамыту, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тең мүмкіндік қалыптастыру және жас таланттарды қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатыны айтылды. Бұл бағыттағы жұмыстар «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» Сайлауалды бағдарламасында қамтылып, олардың орындалуы ең әуелгі басымдық ретінде қарастырылған.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

«Гоганың» көзін жойған қазақ

Орыс империясының озбыр саясатынан қаншама асылдарымыздың тағдыры тәлкекке түсіп, итжеккенге айдалып, азап шекті десеңізші. Қара табан халықты ұршықша…