Жаңа буын әкімдер – жаңа серпін әкеледі

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Жиынның ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.

«Ауыл – төл өркениетіміздің алтын қазығы. Ауылды өркендету – баршаға ортақ парыз. Мемлекет бұл мәселеге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Өздеріңіз білесіздер, 2022 жылы халыққа ұсынған сайлау алдындағы бағдарламада ауыл мәселесіне айрықша назар аудардым. Алғашқы Жарлығым да ауылды дамытуға арналды. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Қазіргі таңда осы құжатқа сай нақты жұмыс атқарылып жатыр» деді Мемлекет басшысы.

Атап өтуіміз керек, Мемлекет басшысы сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізудің маңызын айтқан болатын. Бұл бағытта Президент тапсырмасымен «Әкімдер мектебі» оқыту жобасы қолға алынып, оны ұйымдастыруда «АMANAT» партиясының тәжірибесі ескерілді. Осы жұмысты Үкіметпен бірлесе атқарып жатқан партиямыз, сайланған әкімдер сайлаушылардың сенімін ақтауға, атқарушы билік жүйесінде жұмыс істеу үшін қажетті құзыретке ие болуға тиіс деп біледі.

Жиынның ресми бөлігінен кейін делегаттар панельдік сессия жұмыстарына қатысып, мемлекеттік басқарудың бейімділігі, белсенділігі мен сапасына қатысты сауалдарға жауап алды. Мемлекеттің саяси трансформациясы және жаңа әлеуметтік-экономикалық реформалардың түпкі нәтижесі жөнінде біліктіліктерін жетілдірді. Мемлекеттік қызметтерді цифрлы технологияларға көшірудің артықшылықтары, жасанды интеллектіні енгізу мүмкіндіктері, азаматтардың талап-тілектерін орындау, салалық реформалардың саяси және әкімшілік жүйелермен байланысынын нығайту мәселелері жөнінде пайдалы ақпараттар алды. Шешімін республикалық деңгейде қарастыру мәселелері бойынша ауыл әкімдеріне орталық мемлекеттік органдардың басшыларына сауалдар қоюға мүмкіндік беріліп, қаралған мәселелер бойынша атқарушы биліктің барлық тармақтары арасында ашық диалог орнықты.

Диалог-платформа жұмысына қатысқан Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округінің Біржан Мақсұтов осы лауазымға 2023 жылы сайланған. Ол өз сөзінде ауыл әкімдері үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы қатардағы декларация емес, күнделікті жұмыстың өзегі екенін айтады. Ауылдағы әр отбасының тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету және жергілікті мәселелерді халықпен бірге шешу – ауыл әкімі атқаратын негізгі жұмыс деп пайымдады.

«Жиында Мемлекет басшысы атап өткен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту, агросаланы технологияландыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, денсаулық сақтау мен білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту – «АMANAT» партиясының міндеттерімен толық үйлеседі. Осы бағыттардың барлығын біз партияның сайлауалды уәделеріне және «Халықпен бірге!» бағдарламасына енгізіп, жүйелі орындалуына жұмыс жүргізіп келеміз. Ауыл әкімдері ретінде бізге жүктелген үлкен міндет – партиялық жетекшілік пен жергілікті басқарудың тиімділігін үйлестіре отырып, тұрғындар сенімін ақтау. Әрбір өтініш, әрбір кездесудегі сұрақ, әрбір қоғамдық қабылдау – халықтың бізге артқан үміті» деді Біржан Ералыұлы.

Қарақия ауылдық округінің әкімі қызметінде Біржан Мақсұтов өз ісіне адал, басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары азамат екенін танытты. Кәсіби дайындығы жоғары мемлекеттік қызметшінің бүгінде тұрғындар алдындағы беделі зор. Халықтың сеніміне ие болған азамат осы кезең ішінде ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға нәтижелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Ауыл әкімі қызметінде елді мекендерде жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, халық тұтынатын ауызсудың сапасын арттыру бойынша нақты жобалардың іске асырылуына ұйытқы болды. Ауыл шаруашылығы бағытында жаңа бастамалар көтеріп, жергілікті шаруа қожалықтарымен тұрақты байланыс орната білді. Әлеуметтік мәселелерді шешуде тұрғындардың пікірін ескеріп, қабылдаулар ұйымдастыруды жүйелі түрде жүргізу үрдісін енгізді. Мектеп, балабақша, медициналық пункт сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысын тұрақты бақылауында ұстап, қолдау көрсетіп келеді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуына жауапкершілікпен қарап, жергілікті полиция бекетімен бірлескен құқықтық профилактикалық жұмыстардың серпінді жүргізілуін ұйымдастырды. Қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген азамат 2024 жылдың қорытындысымен «Ең үздік ауыл әкімі» номинациясына ие болған.

Маңызды басқосуда айтылған ойлар мен ұсыныстар бір нәрсені айқын көрсетті: елді мекендердің дамуы – жаңа буын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі мен жаңашылдығына тікелей байланысты.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сайрамдағы «Заң мен тәртіп»

Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен кең көлемді кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастардың құқықтық…
Толығырақ

Әр тұтынушы өз құқығын білу керек

Бәріміз де түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынып жатамыз. Біз – сатып алушымыз, емделушіміз, жолаушымыз, оқырманбыз, демек тұтынушымыз. Әрбір…