Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаменті және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Эльнур Ырысбайұлы Абдумавланов кеңейтілген семинар өткізді. Бұл туралы Тмркд мемлекеттік қызмет істері агенттігінің түркістан облыстық департаменті хабарлайды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған, сондай-ақ қызметтік әдеп пен заңнамалық талаптарды сақтаудың негізгі аспектілерін талқылау үшін маңызды алаңға айналды.

Семинар аясында мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері қаралды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің өкілі Э.Ы. Абдумавланов баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтарды мониторингілеу тәртібін, еңбек және атқарушылық тәртіп талаптарын, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын егжей-тегжейлі баяндады.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға және мемлекеттік аппаратта парасаттылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Полицейлер буллингтен қорғану, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Мақтаарал аудандық полиция…
Толығырақ

Прокурор активтерді қайтарды

Қазығұрт ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері іске қосылды. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске…
Толығырақ

300-ге жуық студентке «Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Кентау көпсалалы колледжінде» студенттердің қатысуымен «Нашақорлық және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу…

Заң мен тәртіп ортақ ұғым

Төлеби ауданында оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң және Тәртіп» тақырыбында кездесу өтті.…