Прокурор психологтардың жұмысымен танысты

Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов облыстық білім басқармасына қарасты “Түркістан облысы психологиялық қолдау орталығы” КММ психологтарының жұмысымен танысты.

Кездесуге Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова, орталық директорының уақытша міндетін атқарушы Мөлдір Зайнуллақызы, мекеме мамандары және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында орталық мамандары атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат беріп, балаларға, жасөспірімдерге және ата-аналарға көрсетілетін психологиялық қолдау тетіктері таныстырылды. Басқосуда буллинг, агрессивті мінез-құлықтың алдын алу бағытындағы кешенді шаралар талқыланды.

Өз кезегінде Дәулет Бекбашұлы психологиялық қызметтің сапасын арттыру, мамандардың біліктілігін жүйелі түрде жетілдіру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 4 мыңдай жоба қаржыландырылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысында ауыл экономикасын дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға…
Толығырақ

Жол сапасы қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде облыстық жолаушылар көлігі және…
Толығырақ

Қазығұртта жаңа балабақша ашылды

Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округіне қарасты Қызылсеңгір елді мекенінде 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында жаңа «Бал-Сафия»…