АҚШ президенттігіне үміткер: Чарли Кирктің әйелі Вэнсті қолдайды

Turning Point USA-ның негізін қалаушы Чарли Кирктің жесірі Эрика Кирк 2028 жылы өтетін президенттік сайлауға үміткер АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды агенттіктің меншікті тілшісі NBC News арнасына сілтеме жасап.

— Біз күйеуімнің досы Джей Ди Вэнсті сайламақпыз, — деді Эрика Кирк Феникс конгресс орталығындағы жыл сайынғы America Fest конференциясының ашылу салтанатында.

Turning Point USA — ең ықпалды консервативті ұйымдардың бірі. Әсіресе, жас белсенділер мен MAGA («Американы қайтадан ұлы ет» ұраны) сайлаушылары арасында ықпалды.

Егер Вэнс үш жылдан кейін президенттікке үміткер болса, Эрика Кирктің қолдауы үлкен ынталандыру болмақ.

Қараша айында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Fox News арнасына берген сұхбатында Конгресстің аралық сайлауынан кейін президенттікке кандидатурасы туралы шешім қабылдауға ниетті екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, АҚШ-та қыркүйек айында саясаткер, әрі блогер Чарли Киркке оқ атылды.

Дональд Трамп қаза тапқан Чарли Киркті ең жоғары азаматтық медальмен марапаттады.

Динара Маханова

kaz.inform.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

БАҒА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

«Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытындағы шаралар күшейтілген. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бағаны негізсіз…