Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы жер жырту жұмыстары басталды

Түркістан облысында 2026 жылға үйірлі шегірткелерге қарсы 421,594 гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оған қоса, өңірде шегіртке зиянкесінің таралуын, төмендету мақсатында 1454,7 гектар аумақта жер жырту жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде шегіртке зиянкесінің санының азаюы күтілуде.

Қазіргі таңда шегіртке дернәсілдерінің жаппай көбеюінің алдын алу және зиянкестерді ерте кезеңде жою мақсатында топырақты аудару және өңдеу жұмыстары басталды. Арнайы жүргізілген мониторинг нәтижесінде дернәсілдердің шоғырланған аумақтарының нақты координаттары анықталды. Бүгінде 115 гектар жер жартылып, өңделген жердегі күбіршелерге зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Өңделетін барлық жер көлемі Облыстық болжам-әдістемелік орталығының моиторинг жұмыстарының нәтижесінде анықталып, нақты координаттармен жүзеге асырылуда.

Бұл жұмыстармен жалпы облыс бойынша 8 аудан, қала қамтылмақ. Нақтырақ айтқанда, Арыс қаласы, Сарыағаш, Бәйдібек, Келес, Шардара, Сауран, Ордабасы және Қазығұрт аудандарында жүргізу жоспарланған. Облыс көлемінде жер жырту жұмыстарына 90 техника тартылуда. Бұл шаралар ауыл шаруашылығы алқаптарының сақталуын қамтамасыз етіп, өнімділікке төнетін қатерді азайтады.

Айта кетейік, биыл облыс аумағында үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 715 мың гектарға жүргізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Түркістан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Премъер-мининстрінің орынбасары Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында Түркістан облысында егінге қажетті…

В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопчатобумажной продукции

В Туркестанской области состоялось очередное заседание Инвестиционного штаба, посвящённое вопросам привлечения инвестиций, улучшения инвестиционного климата и реализации новых…
Толығырақ

Түркістанның өнімі көпке танымал

Алғаш тәуелсіздік алған жылдары еліміз біршама қиындыққа ұшырағаны рас. Экономикамыз құлдырап, ауылдар тозып, халық қалаға шұбырып, қолына ілінгенін…