Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты

Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналды. Бұл бағытта қабылданған заңнамалық реформалар, сондай-ақ ақпараттық-насихаттық жұмыстар қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейді. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін электронды үкімет платформасы мен ашық деректер порталы іске қосылды. Бұл шаралар халықтың мемлекеттік органдардың жұмысына бақылау жасауына мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында үлкен рөл атқарады.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді. Сонымен қатар әрбір судьяның заңға сәйкес әрекет етуі қатаң қадағаланып отырады. Сотқа келушілер арасында да сыбайлас жемқорлықтың зардабы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жиі өткізіледі.

Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық – қоғамды іштен ірітетін дерт. Онымен күресу – тек заң органдарының ғана емес, әрбір азаматтың борышы. Адалдық, әділдік пен жауапкершілік әр адамның жүрегінде болса, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға болады. Сондықтан қай-қайсымыз да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытып, мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек.

Берік КӘРІМ,

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

okg.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот қызметкерлері форумға қатысты

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік» тақырыбында форум өтті. Сот қызметкерлерінің мұндай форумдарға…
Толығырақ

Жүз полицей тест тапсырды

«Түркістан облысының 100 полицейі «Қазтест» жүйесі бойынша тест тапсырды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің…