«Amanat» партиясының жол картасы сапалы орындалып келеді

«Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясы мәжілісі өтті. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы және орындалмай қалу қаупі бар нысандар туралы кеңінен талқыланды» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиналыста Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша облыстың 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, облыс үшін маңызды іс-шаралар қамтылғанын, жалпы іс-шараларды жүзеге асыруға 3 трлн. теңге жоспарланғанын айтты.

«Жол картасы аясында 2025 жылға 121 іс-шараның орындалуы жоспарланған. 11 айдың қорытындысымен 77 іс-шара орындалды, 30-ы орындалу үстінде. Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының маңызды саласы. Жыл басынан өнім көлемі 1,2 трлн. теңгені құрап, өсім 101,2 пайыз деңгейінде орын алды. Өндірілген өнім бойынша республикада көшбасшымыз. Мемлекет басшысы қайта өңдеу саласын дамытып, экономиканы әртараптандыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты облыста мақта, ет және жүгері, яғни, 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алдық. Жалпы кластерлік бағыт – отандық терең қайта өңдеуді дамытып, шаруалардың өз өнімін кепілді түрде нарыққа сатуына мүмкіндік береді. Аталған 3 кластерді дамыту есебінен 2026 жылы жеңіл өнеркәсіпті 220 млрд. теңгеге, ауыл шаруашылығын қосымша 433 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарлануда» деді облыс әкімі.

Облысы әкімі Нұралхан Көшеров Президент пен Үкімет бюджет шығындарын оңтайландыру жүргізуді тапсырғанын, оңтайландырылған қаражат бірінші кезекте шешуді қажет ететін әлеуметтік мәселелерге қайта бағытталатынын айтты.

«Жалпы Жол картасында көзделген іс-шараларды сапалы орындау бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімдігі тарапынан сайлауалды бағдарламаның іске асырылуына тұрақты бақылау жүргізілуде. Алға қойған жоспарларға қол жеткізу бойынша барлық шаралар қабылданатын болады» деді Нұралхан Оралбайұлы.

Түркістан облысында 3 кластерлік бағытты дамытуға басымдық берілген. Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, мақтаның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластері құрылды. Мақта кластерінде 5 жобаны іске асыру нәтижесінде 7 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылып, 201 млрд. теңге инвестиция тартылады. Мақта өнімділігі 2-3 есеге артып, көрсеткіші 60 центнерге жетеді. Нәтижесінде 229 мың тонна мақта өңделеді. 2 мақта өңдеу зауыты және 2 су үнемдеу технологиясын шығаратын өндірісі іске қосылды. Жіп иіру фабрикасының құрылысы аяқталды. Жүгері кластері бағытында Шардара ауданында «Казкрахмал» зауытының құрылысы биыл аяқталады. Құны – 35 млрд. теңге, 251 жаңа жұмыс орны ашылады. Жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеп, 26 түрлі өнім шығарады. Ет кластері бағытында 7 жоба іске асырылуда. Жоба құны – 50 млрд. теңге, қуаттылығы – 35 мың тонна, 802 жұмыс орны ашылады. Орталық Азияда баламасы жоқ 50 мың бас ірі қара мал бордақылау және ет өнімдерін терең қайта өңдейтін ірі кешендер, заманауи мал биржасы салынуда. Бүгінгі күнге «Kaz Eco Meat», «Turkestan Agro.kz» және «Бесқара» ет өңдеу кешендері іске қосылды. Нәтижесінде, қосымша 35 мың тонна ет өңделеді.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен 25,6 млрд теңгеге 6 бағыт бойынша 3750 жобаға несие берілді. Нәтижесінде 39 қайта өңдеу кәсіпорны ашылып, 23 гектарға 477 жылыжай салынды. Шағын кәсіпкерлік 3 662 бірлікке артып, 4 174 жаңа жұмыс орны ашылды.

Өңірде сапалы жұмыс орындарын құру мақсатында «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында жыл басынан 132 мың жұмыс орны құрылып, жоспар артығымен орындалды. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Жүйелі атқарған жұмыстардың арқасында үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2 есе қысқарды. Әлеуметтік мәселелер тұрақты бақылауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Келешек мектептері» жобасы аясында 23 мың орындық 29 мектеп құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 28-і пайдалануға берілді, 1 мектептің құрылысы аяқталу үстінде. Жергілікті бюджеттен 17 мектеп салынуда. Биыл 4-уі пайдалануға берілді, қалғаны келесі жылға өтпелі. Бұдан бөлек, жалпы 154 мектеп жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Сапалы медицинамен қамтамасыз ету үшін ауылдарда жергілікті бюджет есебінен 34 жаңа ғимарат салынды. 3 аурухана күрделі жөндеуден өтуде. Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын қамтылу деңгейі 84,7 пайызға жетті. Алғашқы медициналық көмек сапасын арттыру мақсатында 60 жедел жәрдемкөлігі сатып алынды.

Өңірде елді мекендерді мәдени нысандармен қамту деңгейі артып келеді. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 9 млрд теңгеге 15 мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 5-уі биыл тапсырылады. Қалған 10 нысан келесі жылы аяқталады. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен Түркістан қаласындағы 500 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Жиын барысында партияның Әйелдер қанатының Түркістан облыстық филиалының жетекшісі Қалыйма Жантөреева атқарған жұмыстар туралы есеп берді. Облыстық Әйелдер қанатымен бірлесе отырып, саяси шешім қабылдай алатын белсенді әйелдердің базасын қалыптастыру, көшбасшы әйелдердің санының артуына және қоғамдағы беделінің нығаюына ықпал ету, әйелдердің көшбасшылығын дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаны қабылдау сынды ұсыныстарын жеткізді.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізді

Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторларды…