Балалар полициямен сұхбаттасты

«Жасөспірімдер полиция бөлімінің басшысымен кездесіп, сұқбат құрды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша Кентау қаласы полиция бөлімінде кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жиын өткен. Оған 150-ге жуық жасөспірім қатысқан.

Жиында Кентау қаласы полиция бөлімінің басшысы Шералы Абдраманов суицид, буллинг, әлімжеттік, лудомания, интернет-алаяқтық және синтетикалық есірткі қылмыстары туралы түсіндіріп, заң талаптарының қатаң екендігін ескерткен.

«Қатысушыларға полиция ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылып, жедел басқару орталығы мен уақытша ұстау изоляторы таныстырылды. Сондай-ақ құқықбұзушылық пен қылмыстың салдары жөнінде құқықтық ақпарат берілді.

Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады» деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Е,Асыл

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Заңмен белгіленген жауаптылық

Ата Заңның 76-бабының 3-тармағы және ҚР Азаматтық процестік кодексінің 21-бабына сәйкес соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге қаулылары барлық…
Толығырақ

Түркістанда «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Түркістан облысы Полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Бәйдібек ауданында мереке қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.…