Жетісайда тіркелген қылмыстардың саны төмендеді

«Жетісай полициясы: тіркелген қылмыстардың саны 5,3%-ға төмендеді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Жетісай аудандық полиция бөлімінде 2025 жылдың 12 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп беру жиыны өтті. Шараға Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, Бағланбек Айтпаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Ермеков пен полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

«Есептік кезеңде қылмыспен күресті күшейту, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді ұйымдастыру және профилактикалық шаралар жүзеге асырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағында тіркелген қылмыстардың жалпы саны 5,3 пайызға азайған» дейді баспасөз қызметінің хабарламасында.

Профилактикалық шаралардың тиімді жүргізілуі қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың азаюына оң әсерін тигізді. Сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру бағытындағы жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы 12 қылмыскер құрықталып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18,1 пайызға жақсарды.

Жиын барысында полиция қызметкерлерінің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалып, қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігі атап өтілді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға…
Толығырақ

Қызмет пен спортты қатар қойған шенді ару

Түркістан облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағындағы әрбір қызметкер өзінің қырағылы мен жұмысқа деген жауапкершілігі бойынша ерекшеленеді.…
Толығырақ

АТА-АНАЛАР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

 Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық еткен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы…