Мақтааралда ұлттық бірлік мәселелері талқыланды

Мақтаарал ауданында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі және аудандық этномәдени бірлестіктердің бірлескен отырысы өтті. Маңызды басқосуға аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов төрағалық етті.

Жиынға ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Бабашев, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал аудандық филиалының басшысы Азимхан Жолдасов, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Елдар Қазыбеков, Аналар кеңесінің төрайымы Сәулеш Ерманова, кеңес мүшелері, сондай-ақ аудандық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатында көтерілген негізгі бағыттар кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, рухани құндылықтарды сақтау, азаматтық жауапкершілікті арттыру жөніндегі ой-тұжырымдарына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, «Салауатты сана – салауатты ұлт» ұлттық жобасын іске асыру барысы, оның қоғам үшін маңызы мен нәтижелілігі сөз болды. Жиын барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, аудандық этномәдени бірлестіктердің осы бағыттағы тәжірибелері мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Күн тәртібіне сәйкес, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Қазыбеков, Аналар кеңесінің төрайымы С.Ерманова, сондай-ақ Ш.Елов пен М.Азмидинов баяндамалар жасап, ақсақалдар институтының қоғамдағы орны мен рөлін күшейту мәселелерін көтерді. Баяндамашылар Мемлекет басшысының сұхбатында айтылған салауатты ұрпақ тәрбиелеу, отбасылық құндылықтарды нығайту, этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау, ел ішіндегі бірлік пен татулықты одан әрі арттыру бағыттарына тоқталды.

Жиын қорытындысында қатысушылар қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауда ақсақалдар, аналар кеңесі және этномәдени бірлестіктердің атқаратын рөлі ерекше екенін атап өтіп, алдағы кезеңде бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Мақтаарал Ауданы Қоғамдық Келісім

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Табысы артқан отбасылар көбейді

«Ауыл аманаты» жобасын Түркістан облысында іске асыруға 2023–2025 жылдары республикалық бюджеттен барлығы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:…