Жетісайда этномәдени бірлестіктерінің бірлескен отырысы өтті

Жетісай аудандық ҚХА жанындағы Ақсақалдар, Аналар кеңесі және этномәдени бірлестіктерінің бірлескен отырысы болып өтті.

Жиынды Жетісай ауданы әкімінің орынбасары С.Пірімбеков ашып, жүргізіп отырды.

Отырысқа Жетісай ауданы әкімінің орынбасары С.Пірімбеков, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ташева, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Д.Мырзамуратов, Жетісай аудандық Ақсақалдар, Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, Жетісай аудандық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері және этнос жастары қатысты.

Күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:

– Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда көтерілген негізгі бастамалар мен тапсырмаларды іске асыру жолдары.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатының негізгі бағыттары.

Cұхбатта көтерілген қоғамдық келісім, ұлттық бірлік, рухани құндылықтар және азаматтық жауапкершілік мәселелері.

– Аудандық этномәдени бірлестіктердің атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған атқаратын жұмыстарын талқылау.

Отырыста Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда көтерілген негізгі бастамалар мен тапсырмалар кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатының негізгі бағыттары жайында сөз болды. Бұдан бөлек, аудандық этномәдени бірлестіктердің атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары тыңдалды.

Жиын соңында кеңес мүшелері орамды ойлары мен пайымды пікірлерін ортаға салып, күн тәртібінде тұрған мәселелер кеңінен талқыланып, пікірлері тыңдалды.

Жетісай Ауданы Қоғамдық Келісім

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Созақта футбол алаңы ашылды

Республика күні мерекесі қарсаңында Созақ ауданы, Қозмолдақ елді мекенінде жабық үлгідегі кіші футбол алаңының құрылысы аяқталып, ауыл тұрғындары…
Толығырақ

Табысы артқан отбасылар көбейді

«Ауыл аманаты» жобасын Түркістан облысында іске асыруға 2023–2025 жылдары республикалық бюджеттен барлығы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:…
Толығырақ

Он бес сөтке…

Қолымда бір бөтелке сырам бар, әлгінде ғана той дан келгем, жүз метр жердегі пәтеріме шылымымды бұрқыратып аяңдап келе…