Келесте “Қыздарымызды аялайық” атты форум өтті

Жуырда Келес ауданында қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі – жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында “Қыздарымызды аялайық” тақырыбында ауқымды форум ұйымдастырылды. Шара Келес ауданы әкімшілігі мен Келес аудандық Абай ауруханасының,Аналар кеңесінің бірлескен бастамасымен  Ә. Кенжеев атындағы мәдениет үйінде өтті.

Форум Келес ауданына қарасты барлық жалпы білім беретін мектептерден директорлар, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мұғалімдер, психолог мамандары қатыстырылып, тәрбиелік әрі түсіндіру жұмыстары кешенді түрде жүргізілді. Сонымен қатар, шараға әжелер, аналар кеңесінің, ата-аналар комитеттерінің мүшелері, діні өкілдері, медицина саласының қызметкерлері, қоғам белсенділері қатысты.

Форумның ашылуында Келес ауданы әкімі Ж.Е.Ағыбаев, Келес аудандық ауруханасының басшысы Б.Е. Оспанов сөз сөйлеп, жас ұрпақтың денсаулығы мен болашағы – мемлекеттің басты құндылығы екенін атап өтті. Олар ерте жүктіліктің алдын алу тек медицина қызметкерлерінің емес, ата-ана, ұстаз және бүкіл қоғам болып бірлесе атқаратын маңызды міндет екенін жеткізді.

Форумға шақырылған Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ерте жүктілік» және «ВПЧ» иммунизациялау жұмысы бойынша үйлестіруші Утегенова Замира Серикқызы жасөспірімдер арасындағы ана мен бала денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді қозғап, ерте жүктіліктің болашақ ана мен дүниеге келетін баланың денсаулығына тигізетін кері әсерлері туралы жан-жақты мәлімет берді.

Бейнероликтер көрсетіліп, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі мен қыз балалармен ашық, сенімді қарым-қатынас орнатудың маңыздылығына, олардың құқықтық сауаттылығына тоқталды.

Форум аясында Келес аудандық Абай ауруханасының психолог және социолог мамандарының қатысуымен арнайы сахналық көрініс көрсетілді.

Көріністе ерте жүктіліктің жасөспірім қыздың өміріне, оқуына, психологиялық жағдайына және отбасына тигізетін салдары көркем түрде бейнеленіп, көрермендерге терең ой салды.

Шара барысында қатысушыларға жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау, жауапты мінез-құлық қалыптастыру бағытында кеңестер беріліп, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.

Келес аудандық Аналар кеңесінің төрайымы ,Гульбала Сарсенова баяндама жасап ойын ортаға салды.

Аталған форумның негізгі мақсаты – жас жеткіншек қыздардың денсаулығын қорғау, ерте жүктіліктің алдын алу, оның әлеуметтік және медициналық салдарын түсіндіру, сондай-ақ қоғамның бұл мәселеге деген жауапкершілігін арттыру.

Форум өз мақсатына жетіп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Алдағы уақытта да Келес ауданында жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған осындай профилактикалық іс-шаралар жалғасын табатын болады. Форумға 250 адам қатысты.

Гүлсара Токкулова.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әрбір этнос – біздің байлығымыз

Толерантты Қазақстанда әрбір этнос өкілінің құқығы назардан тыс қалмаған. Түрістан облысындағы Татарлардың қазақ халқымен байланыс тамыры тереңде. Арыс…
Толығырақ

Полиция капитаны көпке үлгі

Көп ұлтты, толерантты Қазақстанның барлық азаматы тең құқыққа ие. Соның арқасында жүздеген ұлттар бірлік пен татулықтың шырағын жағып…
Толығырақ

Тату көрші туысыңдай

Ақсукенттегі «Достық үйінде» «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам және Түлкібас аудандық филиалдарының қызметкерлерімен этносаралық қатынастардың қазақстандық моделінің мәнін көрсететін,…