Түркістанда еңбек қатынастарының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жыл қорытындысы: еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында маңызды дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Амангелді Әліш, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың, құқық қорғау құрылымдарының, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының, еңбек қауіпсіздігі саласындағы мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өткен жылдың еңбек қатынастары саласындағы негізгі оқиғаларын қорытындылап, қазіргі ахуалды талқылады. Олар жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек дауларын тиімді реттеу және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау — қоғамдағы еңбек қатынастарын тұрақтандырудағы маңызды міндеттер екенін атап өтті. Сондай-ақ, Бердіғали Өмірәлі кәсіподақтардың жұмыскерлердің құқықтарын қорғаудағы маңызды рөлін ерекше атап өтіп, алдағы уақытта еңбек қатынастарының әділ әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін бірқатар жоспарларды жүзеге асыру қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар, қатысушылар тәжірибелік шешімдер мен нақты ұсыныстарымен бөлісіп, еңбек қауіпсіздігін арттыру мен жұмысшылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған жолдарды талқылады.

Жиында өз кезегінде сөз алған «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі жұмыскерлердің мүдделерін қорғау бағытындағы кәсіподақ қызметінің нәтижелері туралы баяндама жасады. Ол баяндамасында кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз және әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша атқарылған шараларды атап өтті.

Сонымен қатар, еңбек дауларын бейбіт жолмен шешу, жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы қатынастарды реттеу, әлеуметтік қолдау мен құқықтық көмек көрсету сияқты бағыттарындағы тәжірибелерді таныстырды.

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты ұсыныстар мен практикалық шешімдер қабылдады. Нәтижесінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру, еңбек ұжымдарындағы шиеленістерді азайту және қызметкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту жолында нақты қадамдар айқындалды.

Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Заң талаптарын сақтау жөнінде мәжіліс өтті

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өңірдегі шетелдік инвесторлардың өкілдерімен кездесу өтіп, Қазақстан Республикасының заң талаптары түсіндірілді. Кездесу…
Толығырақ

Келесте жаңа көпір салынады

Түркістан облысының Келес ауданында Келес өзенінен өтетін ескі көпірдің орнына жаңа көпір салу жоспарлануда. Аталған жағдай облыс басшылығының…