Жетісайға жаңа техникалар келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыхалықтық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Жетісай ауданында санитарлық тазалық пен экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған ілкімді істер жүзеге асырылуда. Нақтырақ айтар болсақ, өткен жылы жетісайлық кәсіпкер-меценат Бахаридин Абдазмимовтың демеушілігімен 55 млн. теңгеге қала тазалығын сақтауға арналған заманауи техникалар алынса, биылғы жылы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен облыстық бюджеттен 272 млн. 250 мың теңге қаржы қаралып, ауданның коммуналдық шаруашылық саласына қажетті 16 жаңа техника сатып алынды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жыл мезгілдеріне байланысты қар, құм, шаң тазалайтын арнайы құрылғылары бар 13 замануи трактор мен 13 тіркемені, 3 дана жүк тиегіш (автопогрузчик) техниканы сала мамандарына салтанатты түрде табыстаған аудан әкімі Серік Мамытов жаңа техникалардың ауданның санитарлық тазалығын жақсартуға, жүйелеуге, экологиялық мәдениетті арттыруға зор септігін тигізетінін атап өтті.

– Мемлекет басшысының бастамасын бір кісідей қолдап, сенбілік жұмыстарында белсенділік танытып жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Мемлекеттің қолдауымен алынып отырған бұл техникалар коммуналдық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеріп, еңбек өнімділігін арттыратын болады. Ауданның тазалығын сақтауда жергілікті әкімдіктер мен тұрғындардың бірлескен іс-әрекеті үлкен рөл атқарады. Алдағы уақытта аталған салаға тағы 13 трицикл сатып алуды жоспарлап отырмыз, – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында өткен жылы ауданда 35 сенбілік өткізілсе, биылғы жылдың басынан бері 96 мыңға жуық адам мен 280 техника жұмылдырылған 75 ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, 680 тонна қоқыс шығарылған.

Республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойына «Таза Қазақстан» тақырыбында 10, тазалықты сақтауға үндеу мақсатында 4 баннер ілінген.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Анықтама алуға көмек көрсетілді

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  көрсету орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде…
Толығырақ

Түркістанның өнімі көпке танымал

Алғаш тәуелсіздік алған жылдары еліміз біршама қиындыққа ұшырағаны рас. Экономикамыз құлдырап, ауылдар тозып, халық қалаға шұбырып, қолына ілінгенін…
Толығырақ

Сайрамдағы «Заң мен тәртіп»

Түркістан облысы, Сайрам ауданында «Заң мен тәртіп» тақырыбында жастармен кең көлемді кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастардың құқықтық…