«Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспары негізінде, Ақсукент ауылында орналасқан № 20 С. Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сайрам аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Ұ.Оразбаеваның ұйымдастыруымен «Қыз өссе – елдің көркі» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс — қимыл, жүріс — тұрыс дағдысы, тазалық қасиеттерді дамыту, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатына мектептің психологы және медбикесі қатысып, қыз балаға тән қасиеттер, құқықтық сауаттылық, ананың қыз бала тәрбиесіндегі рөлі, жеке гигиена туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуді қорытындылаған Ұ.Оразбаева: Әрбір ата — ана еліміздің болашағының жарқын болуы үшін, балаларын тәрбиелей отырып ат салысады. Ол үшін баланы тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болуы тиісті. Әрқайсымыз ұлттық құндылықтарды сақтай отырып заман талабына сай білімді, саналы, мәдениетті қыз болып қалыптасуға ұмтылайық — деп сәттілік тіледі.
«Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалы