Тату көрші туысыңдай

Ақсукенттегі «Достық үйінде» «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам және Түлкібас аудандық филиалдарының қызметкерлерімен этносаралық қатынастардың қазақстандық моделінің мәнін көрсететін, ұлттың жаңа сапасын құруға бағдарланған «Тату көрші» жобасы аясында аудандық этномәдени бірлестіктер мен «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облысы өкілдігі төрағасының қатысуымен 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту бойынша отырыс өтті.

Отырыс барысында сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалының басшысы Мақұлбек Аманов — халқымыз әрқашан тату көршілікті жоғары бағалаған, этностардың әдептері мен әдет-ғұрыптарын, сыйластығын, бауырмашылдығы мен ағайынгершілігін қатаң сақтаған. Жақсы көрші бола білу көңілдің әрін, тіршіліктің нәрін, өмірдің сәнін келтіріп, адам жанына шуақты сезім ұялатады деп, ағымдағы жылда бірлесіп атқаратын іс-шара жоспарын ұсынды.

Базарбай Мамадиярұлы өз кезегінде, кез келген қоғамда адамдар арасындағы және әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас қашанда белгілі бір ортақ құндылықтарға негізделген. Ынтымақ – баршамыздың бір елдің азаматы екендігімізді сезіндіретін ұғым, ол ортақ мақсаттарға жету үшін бір-бірімізді қолдаудың және жауапкершіліктің маңызды екенін білдіреді деп, отырыста айтылған ұсыныс-пікірлерді негізге ала отырып, Сайрам ауданы көршілес Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек және Шымкент қалаларындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдармен бірлесіп, жоспарлы жұмыс жүргізуге шақырды.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кибербуллингтің кері әсері

Кибербуллинг дегеніміз – интернет кеңістігінде біреуге әдейі психологиялық қысым көрсету, кемсіту, қорқыту немесе мазасын алу әрекеттері. Бұл –…
Толығырақ

Оқушылар мен ата-аналар назарына!

Түркістан облысында «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында тікелей эфирі өтеді. Түркістан облысының прокуратурасы «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында мектеп…